2024 жылғы 20 наурызда «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінің қызмет алушыларына Наурыз мейрамына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылып өткізілді.
Наурыз - көктем мерекесі, табиғаттың оянуы.
Мерекелік концертті Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары Таласова Айгүл Тілешқызы және Орталық директоры Сейітова Ардақ Бейсембайқызы ашты. Олар барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтап, жарқын мереке қарсаңында тілектерін білдірді.
Концерттік бағдарламада жарқын билер, жанды дауыста халық әндері, күйлер орындалды.
Қарттардың жанын мен жүрегін жылытты, ең алдымен осы күні оларға ерекше ілтипат көрсетілді.
Қызмет алушылар осы мереке қарсаңында жақсы демалып, барлық қатысушыларға түрлі концерттік бағдарламалар үшін алғыстарын білдірді.