2024жылдың 3 сәуір күні «Шарапат» орталығының құрылғанына 35 жыл толуына орай «Мархабат kz» қоғамдық ұйым және «Біргеміз: Qamqor» ұлттық жобасының волонтерлерімен бірлесе мерекелік концерт өтті.
Іс-шарада мекеменің экс-директорлары: Әубәкіров М.А., Бапишев К.С., Орталығымызда 15 жылдан астам қызмет еткен қызметкерлер марапатталды.
Қонақтар құттықтау сөз сөйледі: «Рыскелді қажы» мешітінің имамы Нұрлан Байжігітұлы, мәслихат депутаты Б.А.Смаилов, Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары А.Т.Таласова және еңбек ардагері, қоғам ісінің үздігі., «Аманат» партиясының мүшесі Мухамедьярова Г.Б.«Мархабат kz» мүмкіндігі шектеулі жандар қоғамы» ҚБ директоры Сагдолдин Д.А. құттықтап, сыйлық ретінде туған күніне арналған торт ұсынды. Жауап ретінде мекеменің  директоры Сеитова А.Б. құттықтаулары мен тілектері үшін алғысын білдірді. Соңында «Ностальгия» вокалды хоры «Әнұран-біздің мейірімді Шарапат» әнің орындады.
Мерейтой құтты болсын!