Іс-шараға бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Сарыарқа ауданының Мәслихат депутаты Бауыржан Смаилов, Орталықта ұзақ жылдар басшылық қызметте болған, әлеуметтік сала ардагері, Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кенжеболат Сапарұлы Бапишев қатысып, қарттарды мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, 68665 әскери бөлімі, «Наз» мемлекеттік би театрының әртістері, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, танымал әнші, композитор Құрмаш Махан, заманауи әнші, күйші Ақтоты Болышова өнер көрсетіп, қарияларымызға естен кетпес ерекше әсер сыйлады.