Қабылдау шарттары

Қызмет көрсету шарттары

Жәрдемақылар төлеудің пайдалану ережелері

 

Ата-бабадан жалғасып келе жатқан қазақ халқының өнегелі қасиетінің бірі – қариясын құрметтеу. Қарт десе, әркімнің көз алдына ақ жаулықты әже мен ақсақал қария елестері анық. Алайда перзент атаулының бәрі қазыналарын қадірлеп, қарттарын алақанда аялап отырмағаны қынжылтады. Осындай көмекке мұқтаж қарияларға көмектесу үшін қызмет ететін біздің орталықтың тыныс-тіршілігімен осы сайтта таныса аласыздар. Мекеме 1989 жылы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнап ашылғанымен, қазіргі таңда соғыс ардагерлеріне теңестірілген жандарға, тыл еңбеккерлері атанған жалғызбасты қарияларға ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға да қамқорлық көрсетуде.

Еліміздің дамуының басым бағыттарының бірі – тұрғындардың материалдық және әлеуметтік әл-ауқаты болып табылады. Әлеуметтік жағдайдың жақсаруы, халықтың әлжуаз топтарын қолдау, қорғауға атсалысу. Қазіргі таңда мемлекет аға буын өкілдерін, әрбір жаңа ұрпақ үлкендердің даналығын, тәжірибесі мен қадір-қасиетін үлгі тұтады. Соғыс жылдары жауынгерлік ерлігімен олар бейбітшілікті қорғап, сақтап қалды. Аштық пен қайғы-қасіретті бастан кешті, соғыстан кейінгі жылдары құлдыраған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, өз еңбектерімен экономикалық дамуға үлестерін қосты. Біз ардагерлер алдындағы борышымызды терең сезінеміз. Қарттармен, мүмкіндігі шектеулі жандармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыстың ауқымдылығы мемлекеттік маңызға ие. Орталықтың әрбір қызметкері қариялармен, мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс жасау кезінде адамгершілікті бәрінен де биік қояды. Біз күнделікті жұмысымыз арқылы осынау әлеуметтік әлжуаз топқа бар мейірімімізді, шапағатымызды көрсетуге бар күшімізді саламыз.

Біздің ресми сайтқа қош келдіңіздер!

Құрметпен, «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы МКҚК директоры, Ардақ Бейсенбайқызы Сеитова.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы...
Ағымдағы жылдың 9 ақпаннан бастап «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аге
Толығырақ
Таза Қазақстан. Астана тазалық пен тәртіп үлгісі
Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету" МКҚК-да «Таза Қазақстан. Астана та
Толығырақ
«Мархабат kz» қоғамдық ұйым және «Біргеміз: Qamqor»
2024жылдың 3 сәуір күні «Шарапат» орталығының құрылғанына 35 жыл толуына орай «Мархабат kz» қоғ
Толығырақ

Видео

Біз-Нұрсұлтандықпыз!

Соңғы тапсырым

Барлық видео

© 2016. «Астана қаласы әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме