Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Шарапат» Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының» күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлері үйде қызмет көрсету жағдайында ҚР Денсаулық сақтау министірлігінің пандемия кезіндегі талаптарды қатаң сақтау туралы хаттамасының ережелерін сақтайды. Қызмет алушыларды короновирус індетінен сақ болу үшін үнемі бет перде тағып, психологиялық тақырыптарда әңгіме жүргізе отырып, жақсы көңіл күй сыйлайды.
Мүмкіндіктері шектеулі жандардың пандемия жүріс-тұрыстарына қиыншылықтар туғызған сәттерде ,оларға жағымды жаңалықтармен бөлісіп, күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік, дәрі дәрмектерін үздіксіз жеткізіп отыр.
Жеке меншік тұрғын үйлерде атқаратын жұмыстар жеткілікті. Ағаш жарып, көмір кіргізу,су мен жабдықтау, есік алдының қарын аршу. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрі –дәрмектерін уақытында әкеліп беріп, қан қысымын өлшеуге ықпал ету.
№1 үйде қызмет көрсету бөлімшесінде 80 қызмет алушы бар. Олардың әр қайсысы бір төбе. Барлығының тілін табу үшін күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкерлер барлық ынта жігерлерімен қызмет атқарады.