«Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында Ұлыстың Ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі тойланды. Қызмет алушылар мен қызметкерлер ән шырқап, би биледі, сондай-ақ, Өнер мектебінің талантты күйшісі Аида Нұрғалиева Дина Нұрпейісованың, Құрманғазының күйлерін орындады. Халықаралық конкустардың, «Шабыт», «Жас қанат» байқауларының жеңімпазы Баярлина Арайлым Наурыз мерекесіне ән шашуын арнады.
Нұр-Сұлтан қаласы Жұмыспен қамту орталығы және әлеуметтік қорғау басқармасының бас маманы Жанар Мұратқызы құттықтау сөз сөйлеп, сонымен қатар әлеуметтік саладағы үздік қызметкерлерге мерекелік Алғыс хат табыстады.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Е.Бекмурзаевтың атынан: Оралбаев Ғ., Наурызбаева Ж., Кабдыкалыкова А., Нұрмағамбетова Б., Дүкенбаева С., Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы С.Нұрғожинаның атынан: Тумамбаева А., Мухамедиева М., Карина Г.марапатталды.
Орталық басшысы Асхат Әділханұлы да қызмет алушыларды, қызметкерлерді мерекемен құттықтап, келген жылға жақсылық, береке-бірлік тілеп, үздік қызметкерлер Ештаев Ұ., Арутюнян М., Бейсекеева Б., Тахарова Динараға Алғыс хат табыстады.